
25 тамызда Саран қалалық мәслихатының 39-шы кезектен тыс сессиясының отырысын өткіздім. Отырыс барысында депутаттар қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына және мәслихат қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелерді қарады.
Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, Қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Саран қаласының 2026–2030 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер енгізу болды.
Өзгерістер енгізу қажеттілігі бес жаңа инфрақұрылымдық жобаны қамтитын инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар тізбесінің өзектендірілуіне байланысты.
Олардың қатарында – Саран қаласы мен Ақтас кентінде газ тарату желілерінің құрылысы, мемлекеттік оқыту тіліндегі 600 орындық мектеп құрылысы, сондай-ақ «Saran» индустриялық аймағына сыртқы электрмен жабдықтау нысандары мен автомобиль жолының құрылысы бар.
Бұдан басқа, депутаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты Саран қалалық мәслихаты аппаратының қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселені қарады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1280184?lang=ru

Жауап қалдыру