Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: “Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары”.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғын үйлерде өрттің шығуына көбінесе үй ішіндегі, төбе жабындарындағы, тарату қораптарындағы, люстралардағы және басқа да жерлердегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болады. Бұл шатырдың немесе тұрғын үйдің өздігінен өртенуіне әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты үйіңіздегі электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды сұраймыз. Электр сымдарының пайдалану мерзімі аяқталған жағдайда оларды уақытылы ауыстыру қажет.
Электр құрылғыларын пайдалану кезінде ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
* Электр құрылғыларын өндіруші кәсіпорынның пайдалану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда немесе ақауы бар электр құрылғыларын пайдалануға;
* Қорғаныш қасиетін жоғалтқан немесе оқшаулағышы зақымдалған электр сымдары мен кабельдерді пайдалануға;
* Сақтандырғыштың балқығыш қоспасы күйіп кеткен жағдайда қолдан жасалған «жучоктарды» пайдалануға. Бұл электр сымдарының қатты қызуына, қысқа тұйықталуға және өрттің шығуына әкелуі мүмкін;
* Зақымдалған ажыратқыштарды, электр розеткаларын, патрондарды және басқа да электр жабдықтарын пайдалануға;
* Ашық электр сымдарын бояуға немесе тұсқағазбен жапсыруға;
* Сымдардың оқшаулағыштарының кеуіп, зақымдануын болдырмау үшін оларды қызатын беттермен (пештер, мұржалар, жылыту батареялары және т.б.) қатар жүргізуге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1280469?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді