
Қазақстанда шот-фактураны тек ҚҚС төлеушілер ғана емес, жазуға міндетті. Кейбір жағдайларда бұл міндеттеме салықты төлемейтіндерге де жүктеледі. Санаттардың толық тізбесі Салық кодексінің 207-бабында бекітілген.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен шот-фактура жазуға міндетті тұлғалар шеңбері кеңейді.
Екі негізгі топ
- ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгендер
Олар құжатты Салық кодексінің 50-тарауының жалпы қағидалары бойынша рәсімдейді.
- ҚҚС төлемейтіндер
Міндеттеме тек 208 және 209-баптарда тікелей белгіленген жағдайларда ғана туындайды.
Шот-фактура жазуға міндетті ҚҚС төлемейтіндер
Бұл топқа мыналар кіреді:
– комиссионер — 495-бапта белгіленген жағдайларда;
– экспедитор — 494-бапта белгіленген жағдайларда;
– мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосы — мемлекеттік резервтен тауарларды шығарған кезде;
– халықаралық жүк тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеуші;
– сәйкестікті растау қызметін жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлға;
– кеден ісі саласындағы салық төлеуші: кеден өкілі, кеден тасымалдаушысы, уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден қоймасының иесі, уәкілетті экономикалық оператор;
– жеңілдетілген режимдегі салық төлеуші (жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР);
– ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша сату кезіндегі салық төлеуші;
– импортталған тауарларды сату кезіндегі салық төлеуші;
– «Виртуалды қойма» модулінде есепке алынған тауарларды сату кезіндегі салық төлеуші;
– медициналық қызметтер, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар бойынша салық төлеуші;
– адвокаттық кеңсе — оның шарттары бойынша адвокат көрсеткен заң көмегі бойынша.
Шот-фактураны жазбауға болатын жағдайлар
208-бап құжатты рәсімдеу қажет емес жағдайларды да көздейді. Атап айтқанда:
– бақылау-кассалық машина (БКМ) чегін берумен немесе төлем терминалдары арқылы есеп айырысу;
– арнайы мобильді қосымшаның чегін берумен есеп айырысу;
– электрондық ақшамен төлеу;
– жеке тұтыну үшін жеке тұлғаларға және микрокәсіпкерлік субъектілеріне сату;
– теміржол немесе авиабилетпен жүруді рәсімдеу;
– жекелеген қаржылық операциялар.
Бұл ретте сатып алушы 15 күнтізбелік күн ішінде шот-фактура жазуды талап етуге құқылы, ал жеткізуші оны орындауға міндетті.
Маңызды нақтылау
Жеке мүлікті сату кезінде жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер, шот-фактура жазбайды.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге Салық кодексінің 207–209-баптарының ережелерін мұқият зерделеуді және заңнама талаптарын уақтылы орындауды ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1280060?lang=ru

Жауап қалдыру