«Қазсушар» РМК қарамағындағы 32 су шаруашылығы нысанында шағын ГЭС салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі Жол картасы аясында шағын ГЭС салу үшін 32 нысан іріктелді.

Бірінші кезеңде бес нысанда шағын гидроэлектр станцияларын салу жоспарланып отыр. Олар: Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасы, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы, Абай облысындағы Қаракөл су қоймасы, сондай-ақ Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары. Бұл станциялардың жалпы қуаты шамамен 9 МВт болады.

Екінші кезеңде 18 нысанда жалпы қуаты шамамен 25 МВт болатын ГЭС салу көзделген. Үшінші кезеңге әлеуеті бар 9 нысан енгізілді. Оның алтауы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жоспарланып отырған жаңа су қоймаларында орналасады.

«Бірінші және екінші кезеңдер бойынша қажетті құжаттар әзірленіп, жобаларды іске асыру мәселелері пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК балансында Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ трансшекаралық Қорғас өзенінде жалпы қуаты шамамен 5 МВт болатын үш шағын ГЭС бар», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1279964?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді