
“Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында – «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді!
⚖️ Құқықтық мәселеңіз бар ма? Заңға қатысты сұрақтарыңызға жауап іздеп жүрсіз бе? Онда «Құқықтық дәріхана» акциясына келіңіз!
📍 Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Орталық арбат (Н.Назарбаев даңғылы жағынан)
🗓️ Күні: 27 тамыз 2026 жыл
⏰ Уақыты: 11:00
Акция барысында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беріліп, азаматтардың өтініштері мен өзекті құқықтық мәселелері бойынша білікті мамандар практикалық түсіндірме жүргізеді.
Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, полиция департаменті басшысының орынбасары, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары қатысады.
💬 Сұрағыңыз болса – келіңіз, мамандардан тікелей жауап алыңыз!
«Құқықтық дәріхана» акциясының басты мақсаты – құқықтық көмекті әр азаматқа қолжетімді ету, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мәселелердің заң талаптарына сәйкес шешілуіне ықпал ету.
Сонымен қатар, акция Жетісу облысының барлық аудандары мен қалаларында қатар ұйымдастырылады.
#ЗаңМенТәртіп #ҚұқықтықДәріхана #ЖетісуОблысы #ҚұқықтықСауаттылық
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan-erkin/press/news/details/1280589?lang=ru

Жауап қалдыру