
Сәйкестік туралы декларация – салынған объектінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.
Яғни бұл құжат объектінің қауіпсіз пайдалануға дайын екенін және барлық белгіленген талаптарға, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сай екенін растайды.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысының Департаментіне жаңа функция жүктелді. Ол халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарының сақталуына қатысты объектілердің сәйкестік декларациясын келісу құзыреті. Осыған байланысты кәсіпкерлер мен объект иелеріне кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Депраптаментке сәйкестік декларациясын келісі туралы 20 өтініш түсті. Оның 6 Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісуден бас тарту, 8 келісілді және қалғандары қаралуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1280579?lang=ru

Жауап қалдыру