САПА, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауданымызда түрлі салалар бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгін аталған жұмыстардың барысымен танысу және нысандардың қазіргі жағдайын зерделеу мақсатында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұрәлі Әбіш бастаған депутаттардан құралған арнайы комиссия ауданға жұмыс сапарымен келді.
Комиссия мүшелері аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаровпен бірге бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет алды.
Жұмыс сапары барысында Киелітас ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылыс барысы көріліп, «Достық-2» су ұңғымасының қазіргі жағдайы қаралды.
Одан әрі Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі жаңа массивке барып, аумақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етілу деңгейі зерделенді.
Екпінді елді мекеніндегі Т. Назарбеков атындағы жалпы орта мектепке барған комиссия мүшелері білім ошағының жай-күйімен танысып, оқушыларға жасалған жағдайларды қарады.
Сондай-ақ КТҚ-3 кәріздік тазарту құрылысының құрылыс барысы назарға алынды. Бұдан бөлек, сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мамандандырылған мектептің жұмысымен танысып, білім алушыларға жасалған жағдайлар зерделенді.
Жұмыс сапары Ленгір қаласында жалғасып, Қапал батыр көшесіндегі үш көпқабатты тұрғын үйдің жағдайы қаралды. Мұнда тұрғын үйлердің абаттандырылуы, инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы және өзге де мәселелерге назар аударылды.
Арнайы комиссия мүшелері зерделеу барысында анықталған мәселелерді саралап, алдағы жұмыстарға қатысты ұсыныстарын білдірді.
Жұмыс сапарының негізгі назарында аудан тұрғындары үшін маңызды нысандардағы жұмыстардың сапалы орындалуы және бюджет қаражатының тиімді игерілуі болды.
 
©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1280660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді