Шығыс Қазақстан облысы бойынша аудандық маңыздағы әкімдерді сайлау туралы ақпараттық қамтамасыз ету бойынша АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес “Шығыс Ақпарат” ЖШС газеті  аудан әкімдері және ауылдық округі әкімдеріне үміткерлерге сайлауалды материалдарын жариялау   ережелері туралы хабарлайды.

Газет беттерінде сұхбат, мақала жариялау үшін әрбір кандидатқа А3    форматтағы газеттің 1 бетінен көп емес орын ұсынылады.

Кандидат немесе оның сенімді тұлғасы жазбаша өтініш негізінде төмендегі  деректерді көрсетіп, келісімшартқа отырады:

  1. Жазбаша өтініште реттік нөмірі, тіркелген күні көрсетілуі керек.
  2. Кандидаттың немесе сенімді тұлғаның аты-жөні,тегі толығымен көрсетіледі.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдардан берілген кандидаттың жеке басын және өкілеттігін немесе сенімді тұлғаның куәлігін куәландыратын құжаттардың көшірмесі ұсынылады.
  4. Үгіт-насихат материалдардың мазмұны және жоспарланған көлемі.
  5. Кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолы.

Жазбаша өтініштер бір ай бұрын қабылданады және материалдар  редакцияға түскен күннен бастап газеттің шығу жиілігіне байланысты жарияланады.

ҮГІТ – НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Материалдарды газет бетіне жариялау үшін 5  күн бұрын  жіберу керек. Конституциялық құқықтарға қайшы материалдар шығарылмайды.  Материалдар баспа түрінде  (кандидаттың немесе сенімді тұлғаның қолымен), сондай-ақ  электрондық пошта арқылы беріледі.

 

ГАЗЕТ БЕТІНДЕ БЕРІЛЕТІН ОРЫННЫҢ КӨЛЕМІ   ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Газетте берілетін орынның бағасы прайс-лист негізінде бекітіледі.

Үгіт-насихат компаниясы кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі депутаттыққа, мәслихат депутаттығына үміткерлердің материалдарын газет бетінде  жариялау үшін 1 ш.см-ге  – 500 тг,  ауылдық округі әкімдеріне үміткерлердің материалдарын газет бетінде  жариялау үшін үшін-350 тг.

Қазақстан Республикасы Заңнамасы негізінде материалдарды газет беттеріне  орналастыру үшін алдын ала жүз пайыз ақы төленуі тиіс.

 

 

«Шығыс Ақпарат ЖШС директоры:                                М.Кайнарова

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1280340?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді