Тараз қаласының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қаланың бірнеше мекенжайында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңғыртылып, жол бетіне тиісті таңбалар түсірілді. Атап айтқанда, «Тараз-Арена» стадионының алды, «Бәйтерек» шағын ауданы аумағы, «Інжу» балабақшасының алды және тағы басқа мекенжайларда жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, қала көшелеріндегі жол таңбаларының көріну сапасын жақсартуға бағытталуда.

Жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша сақ болуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1280167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді