ТӨЛЕБИДЕ 200 ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мектепке жол» акциясы аясында «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы өтті.
 
✅ Аудан орталығындағы «Нұр» мешітінде өткен игі бастама «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорының тікелей демеушілігімен ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасына қор өкілдерімен қатар еркін күрестен әлем чемпионы Ағабек Бағдаулет Әлімжанұлы арнайы қатысты.
 
✅ Қасиетті Құран оқылып басталған шарада ауданның бас имамы Үсен Саурбаев демеушілік танытып, қайырымдылық бастамасына қолдау көрсеткен қор басшылығына ризашылығын білдіріп, ата-баба рухына Құран бағыштады.
 
⚜️ Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік жасау.
 
📌 Осы орайда орталық «Нұр» мешітіне және ауылдық мешіттерге тіркелген әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты 200 отбасының балаларына – 100 ұл және 100 қыз балаға мектепке қажетті оқу құралдары толық салынған жаңа мектеп сөмкелері табысталды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1280657?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді