ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АРНАЙЫ КОМИССИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұрәлі Әбіш,  депутаттардан құралған арнайы комиссиямен бірге  жұмыс сапарымен Төлеби ауданына келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың қазіргі жағдайымен танысты.
 
✅ Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – аудан бюджетінің атқарылу барысын зерделеу, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау, сондай-ақ ел игілігіне бағытталған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бағалау.
 
🌿 Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов арнайы комиссия мүшелерімен бірге бірқатар нысанды аралап, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен жобалардың барысын таныстырды.
 
 💧 Сапар барысында комиссия мүшелері бірқатар маңызды нысандарды аралады. Атап айтқанда, Киелітас ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары, «Достық-2» су ұңғымасының жағдайы қаралды.
 
Сонымен қатар Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі жаңа массивтің қазіргі жағдайы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі зерделенді.
 
🏫 Комиссия мүшелері Екпінді елді мекеніндегі Т. Назарбеков атындағы жалпы орта мектепке барып, білім беру нысанының жағдайымен танысты.
 
🚧 Бұдан бөлек, КТҚ-3 кәріздік тазарту құрылысының құрылыс барысы назарға алынды. Сондай-ақ сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мамандандырылған мектептің жұмысы зерделеніп, білім алушыларға жасалған жағдайлар қаралды.
 
🏢 Комиссия мүшелері Қапал батыр көшесіндегі үш көпқабатты тұрғын үйді көрді. Мұнда тұрғын үйлердің жағдайы, абаттандырылуы және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы бойынша мәселелер қаралды.
 
📊 Әр нысан бойынша атқарылған жұмыстардың көлемі, бюджет қаражатының игерілуі, құрылыс сапасы және жобалардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
 
✅ Мұндай зерделеу жұмыстары бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге, нысандардың сапалы және уақтылы іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді.
 
📌 Ең бастысы – аудан тұрғындарының игілігіне бағытталған жобалардың сапалы жүзеге асырылып, халыққа нақты нәтижесін беруі.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1280523?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді