
Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар өзекті мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі — балалардың жарақаттануының алдын алу, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар.
Білім басқармасы мен полиция департаментінің өкілдері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және профилактикалық іс-шараларды күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өзара іс-қимылын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыста отбасын қолдау орталықтарының жұмысына да ерекше назар аударылды. Аталған орталықтардың отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетуі, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеуі және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстары талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1280190?lang=ru

Жауап қалдыру