Жамбыл облысында мектептердегі барлық бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға қосылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында мектептердегі барлық бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға қосылады

📌Жаңа оқу жылы қарсаңында Жамбыл облысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

✅Облыстағы 531 білім беру ұйымының барлығына полиция қызметкерлері бекітілді. Мектептердегі қауіпсіздік жағдайы тұрақты бақылауға алынды.

🚔ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында оқу жылы басталғанға дейін мектептерге жақын орналасқан көше-жол желісіне 481 тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін жергілікті атқарушы органдарға 242 нұсқама жолданды.

🎦Сонымен қатар, Білім басқармасымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жасанды жол кедергілері, жаяу жүргіншілер жолағы, жол белгілері жаңартылып, ақаулықтары бары қалпына келтірілді. Қазіргі таңда мектептердегі бейнебақылау камераларын Жедел басқару орталығына 100 пайыз интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

💬 «Балалардың қауіпсіздігі – басты басымдықтардың бірі. Бейнебақылау жүйелерін Жедел басқару орталығына интеграциялау мектептердегі жағдайды тәулік бойы бақылап, қандай да бір құқық бұзушылық немесе оқыс жағдай орын алған кезде оған жедел ден қоюға мүмкіндік береді», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Асет Оспанов.

✅Оның айтуынша, оқу жылының басталуына дейін полиция тарапынан барлық қажетті профилактикалық және ұйымдастырушылық шаралар толық аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1279973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді