
Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 21 тамыз күні “К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ-нің акт залында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбындағы Тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту секциясының отырысы өтті.
Секция отырысына шығармашылық топ мүшелері, әдіскерлер мен тәрбиешілер қатысты.
Секция отырысының мақсаты:
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи педагогикалық әдістерді насихаттау, озық тәжірибелермен алмасу және педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту.
Міндеттері:
– педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
– озық іс-тәжірибелермен алмасу.
Секция отырысында білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібі:
- 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер. Бөлім әдіскері Қ. Рахимбаева.
- 2026–2027 оқу жылындағы өзгерістер мен әдістемелік нұсқаулық туралы хабарлама. Бөлім әдіскері Қ. Рахимбаева.
- 2026–2027 оқу жылына арналған жоспар жобасымен таныстыру. Қ. Рахимбаева.
- Қауымдастық құрамын қайта сайлау.
- Әртүрлі мәселелер.
- Марапаттау.
Секция отырысында педагогтердің озық іс-тәжірибелері тыңдалып, тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Бөлім әдіскері Қ. Рахимбаева күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша баяндама жасап, жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерге тоқталды:
• әр баланың жеке ерекшелігін ескеру;
• ойын арқылы оқыту мен тәрбиені күшейту;
• баланың әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларын дамыту;
• қауіпсіз және дамытушы орта қалыптастыру;
• инклюзивті тәсілдерді қолдану;
• ата-аналармен тұрақты серіктестік орнату;
• педагогтердің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіру;
• білім беру сапасын бағалау талаптарына дайын болу;
• цифрлық және электрондық ресурстарды педагогикалық мақсатқа сай пайдалану.
Қорыта айтқанда, 2026–2027 оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзгерістердің негізгі өзегі – баланың сапалы, қауіпсіз және қолжетімді ортада жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Бүгінгі балабақша – баланы мектепке дайындайтын ғана орын емес, оның тұлғалық қасиеттері, қарым-қатынас мәдениеті, дербестігі, шығармашылығы мен өмірлік дағдылары қалыптасатын маңызды орта.
Сондықтан жаңа оқу жылында әр педагогтің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Біз өзгерістерді тек құжаттағы талап ретінде емес, күнделікті педагогикалық тәжірибені жақсартатын мүмкіндік ретінде қабылдауымыз қажет.
«Баланың қуанышты жүзінен, еркін әрекетінен, өз ойын ашық жеткізе білуінен және жаңа нәрсеге қызығушылығынан біздің еңбегіміздің нәтижесі көрінеді», – деп бөлім әдіскері Қ. Рахимбаева сөзін қорытындылады.
Байбусинова Гульдана Дюсембаевна, “М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ-нің «Айгөлек» шағын орталығының әдіскері, «2026–2027 оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа бағыттар мен өзгерістер» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Тлеубаева Әлия, “М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі” КММ-нің «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі, «Балабақша тәрбиешісінің цифрлық көмекшісі: ЖИ арқылы көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар дайындау» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Молдабаева Гулжан, “К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі” КММ-нің «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі, «Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтарын балабақшадағы тәрбие үдерісіне кіріктіру» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ержанова Айтолқын, «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі, «Балабақшаларда ЖИ қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Аталған педагогтерге үздік іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін Ақсуат ауданының білім бөлімінің сертификаттары табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1280066?lang=ru

Жауап қалдыру