19 жастағы екі студент «Telegram» мессенджері арқылы есірткі заттарын таратуға бағытталған қылмыстық схемаға кірген.
Оларды ұстау барысында аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.
Сот үкімімен оларға 7 жыл және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай жолмен ақша табу туралы ұсыныстарға келіспеуге шақырады.
Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1280186?lang=ru

Жауап қалдыру