
Алматылық шахматшы Мария Холявко 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
Құрлықтық біріншілік 16–26 тамыз аралығында Үндістанның Мумбай қаласында өтті. Классикалық шахматтан өткен жарысқа 66 спортшы қатысты.
15 жастағы Мария өзінен ересек спортшылар сынға түскен жас санатында өнер көрсетіп, турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады. Тоғыз партияның бесеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде тең түсті. Нәтижесінде мүмкін болған 9 ұпайдың 7-еуін жинады.
Чемпионат қорытындысы бойынша Мария Холявко екінші орынға ие болып, жеңімпаздан небәрі жарты ұпайға қалып қойды.
20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдесі жас алматылық шахматшының халықаралық деңгейдегі маңызды жетістігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1281406?lang=ru

Жауап қалдыру