2026 жылғы қыркүйек айына арналған негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы қыркүйек айында салық төлеушілер салық есептілігін ұсыну және салықтарды төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігін еске салады.

2025 жылға арналған 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды ұсыну мерзіміне назар аударған жөн – 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:

15 қыркүйек:

  • 400.00 нысаны – 2026 жылғы шілде айы үшін акциз бойынша декларация;
  • 250.00 нысаны – 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
  • 270.00 нысаны – 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларация, оны жеке тұлғалар-резиденттер және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын еңбек иммигранттары ұсынады.

21 қыркүйек:

  • 328.00 нысаны – 2026 жылғы тамыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
  • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
  • 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.

ТӨЛЕМДЕР:

7 қыркүйек:

  • 2026 жылғы тамыз айы үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.

15 қыркүйек:

  • 2026 жылғы тамыз айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.

21 қыркүйек:

  • 2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО-дағы ҚҚС;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;
  • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.

24 қыркүйек:

  • 2026 жылғы тамыз айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС.

25 қыркүйек:

  • КТС – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін аванстық төлемдер;
  • 2026 жылғы тамыз айында төленген резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
  • төлем көзінен ұсталған ЖТС;
  • бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
  • жеке тұлға-бейрезиденттердің табыстарынан ЖТС;
  • 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны) бойынша дербес төленетін ЖТС;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін әлеуметтік салық;
  • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы;
  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • 2026 жылғы қыркүйек айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін бірыңғай төлем;
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша аударымдар мен жарналар).

          Алматы қаласы бойынша МКД салық төлеушілерге техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуін болдырмау үшін есептілікті ұсынуды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1280893?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді