
Бұл өзгерістің басты мақсаты жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тротуарларды қауіпсіз кеңістікке айналдыру. Әсіресе балалардың, қарт адамдардың, сондай-ақ балалы ата-аналардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі.
ЭЛЕКТРЛІ САМОКАТПЕН ҚОЗҒАЛҒАНДА НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Веложолмен қозғалғанда:
шлем, жарық шағылыстырғыш элемент және жүргізуші куәлігі талап етілмейді.
Веложолақпен қозғалғанда:
шлем мен жарық шағылыстырғыш элемент қажет, ал жүргізуші куәлігі талап етілмейді.
Автожолдың оң жақ шетімен қозғалғанда:
жүргізуші куәлігі, шлем және жарық шағылыстырғыш элемент міндетті.
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, жол қозғалысының өзге қатысушыларына құрметпен қараңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1281282?lang=ru

Жауап қалдыру