Ақкөл аудандық мәслихатының кезекті 65-сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақкөл аудандық мәслихатының кезекті 65-сессиясы

 

2026 жылғы 27 тамызда Ақкөл аудандық мәслихатының кезекті 65-сессиясы өтті.

 

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Ақкөл ауданының әкімі Әбдірахманов Біржан Тасболатұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі болды.

 

Сессия барысында баяндамалар тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ағымдағы жылдағы қызметі туралы ақпаратпен бөлім басшысының міндетін атқарушы Макагон Е.Г. сөз сөйледі.

Қарасай ауылдық округінің әкімі Зейб Ю.В. ауылдық округтің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндады. Сонымен қатар Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты Шарипова С.Х. сөз сөйледі.

Сессия қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған есептер мен ақпараттарды талқылап, аудан мен ауылдық округтердің одан әрі дамуына қатысты өзекті мәселелерді атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/1281188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді