Облыс прокуратурасы 3 млрд теңге көлеміндегі, 50 жұмыс орнын құруды көздейтін фиброцементтік панельдер өндіру кешенінің құрылысы бойынша «ANNC Construction» ЖШС инвестициялық жобасын сүйемелдеуде.
Сүйемелдеу барысында инфрақұрылымдық кедергі – өндірістік нысанның электрмен жабдықталмауы анықталды. Осыған байланысты инвестор автономды генераторды пайдалануға мәжбүр болған.
Облыс прокуратурасының бастамасымен электрмен жабдықтау бойынша 58 млн теңгелік жоба әзірленді. Мәслихат қажетті бюджет қаражатын бөлді.
Алдағы уақытта өндірістік нысанды электр желілеріне қосу көзделген.
Инвестициялық жоба мәселе толық шешілгенге дейін облыс прокуратурасының сүйемелдеуінде болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1280836?lang=ru

Жауап қалдыру