
Отырыстың күн тәртібінде қалалық және Өмірзақ ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, коммуналдық меншікке қатысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерін белгілеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика нысандарының жылыту маусымына дайындығы, сондай-ақ тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға берілетін ыстық судың сапасы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты өкілдер баяндама жасап, Кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Жиын барысында ұсыныстар айтылып, тиісті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1281454?lang=ru

Жауап қалдыру