«Ашық атқарушылық іс жүргізу күні» акциясы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 27 тамызында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ғимаратында атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Ашық атқарушылық іс жүргізу күні» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Д. Жәнібеков, Қызылорда облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А. Қосбергенова және жеке сот орындаушылары азаматтарды қабылдап, олардың атқарушылық іс жүргізуге қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Кездесу барысында азаматтардың мәселелері жеке қаралып, оларды шешудің заңнамада көзделген жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен түйткілді мәселелері назарға алынып, тиісті бағыт-бағдар берілді. Мұндай іс-шаралар атқарушылық іс жүргізу саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және халықпен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
#заңментәртіп #заңбәрінеортақ #адалазамат #заңүстемдігі #жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1281258?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді