Аудан әкімі Үшқұдық және Қарақобда ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Үшқұдық және Қарақобда ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Жерұйық ауылында газ тарту жұмыстары жүргізілуде

Үшқұдық ауылдық округіне қарасты Жерұйық ауылын табиғи газбен қамту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда ұзындығы 9 шақырым болатын газ құбырын тартылуда. Бүгінде магистральді газ құбырларын орналастыру үшін жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер мекеме – «Ерзат» ЖШС.

Қарақобда ауылында балалар және воркаут алаңдары салынуда

Жұмыс сапары Қарақобда ауылында жалғасты. Мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған ойын және воркаут алаңдарының құрылысы жүріп жатыр.

Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі ауыл жастары мен балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, белсенді демалуына қолайлы орта қалыптастырмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1281012?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді