Бас прокуратура Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Сот төрелігі желісінің Пленарлық отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас прокуратура қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық бойынша орталық орган ретінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жолдарын кеңейтуді жалғастыруда.

Ресми байланыс арналарымен қатар қазақстандық прокурорлар әртүрлі алаңдардағы байланыс тұлғаларының желілері арқылы ынтымақтастықтың бейресми әдістерін белсенді түрде қолдануда.

Бүгінгі таңда қадағалау органы осындай форматтағы жұмысты Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық желісі (CASC – Judicial Cooperation Network for Central Asia and Southern Caucasus), Еуропалық әділдік желісі (EJN – Еуропалық Judicial Network), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісі (GlobE Network – Global Operational Network of Anti-Corruption Law Enforcement Authorities) және басқа да ұйымдар шеңберінде жүргізуде.

Ағымдағы жылғы шілде айында Бас прокуратура Оңтүстік-Шығыс Азия Сот төрелігі желісінің (SEAJust – South East Asia Justice Network) де мүшесі болды.

SEAJust желісі 2020 жылдың наурыз айында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бастамасы бойынша құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 23 қатысушы кіреді: Австралия, Бруней, Вьетнам, Гонконг, Индонезия, Камбоджа, Қытай, Корея, Лаос, Макао, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянма, Сингапур, Таиланд, Шығыс Тимор, Филиппин, Жапония, Румыния, Франция, АҚШ және Канада.

Желі, экстрадициялау және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың бейресми тетігі ретінде әрекет етеді және қатысушы елдердің орталық органдары қызметкерлерінің байланыс адамдарынан тұрады.

SEAJust қызметінің негізгі мәселелері бойынша жыл сайынғы пленарлық отырыстар өткізіледі, оның кезектісі ағымдағы жылғы 25-27 тамызында Вьетнамның Дананг қаласында өтті.

Аталған іс-шараға Бас прокуратураның делегациясы қатысып, қадағалау органының қызметі таныстырылды, өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды, құқықтық ынтымақтастықтың оң тәжірибесімен алмасу жүзеге асырылды және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар әзірленді.

Сондай-ақ желіге қатысушы елдердің орталық органдарының басшылығымен бірқатар екі-жақты кездесулер өтіп, онда қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты дамыту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1281151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді