Бесқоспа ауылының көшелеріне алғаш рет жол салынуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Бестамақ ауылдық округіне қарасты Бесқоспа ауылына барып, жүргізіліп жатқан жол құрылысының барысымен танысты.

Жалпы ұзындығы 2 шақырым 600 метрді құрайтын жол құрылысы қарқынды жүруде. Мердігер ұйым – «ТАФ компании» ЖШС.

Алдағы уақытта жол жиегін абаттандыру, жол белгілерін орнату, жолақтарды сызу және жасанды кедергілерді орнату жұмыстары атқарылмақ.

Аудан әкімі құрылыс сапасына айрықша назар аударып, тиісті жұмыстарды белгіленген талаптарға сай, сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1281002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді