
Тамыз айының соңында Біржан сал ауданының Мәдениет үйінде «Конституциялық құндылықтарға негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дәстүрлі педагогтер конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – алдағы оқу жылына дайындық жүргізу және оқушыларды оқыту процесіне заманауи технологияларды енгізу.
Іс-шараға 200-ден астам адам, оның ішінде аудан әкімі, прокуроры және мәслихат төрағасы, сондай-ақ аудандық білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтары қатысты.
Аудан басшылығы тарапынан білім беру саласында ерекше көзге түскен педагогтер мен қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Іс-шара барысында аудан прокуроры Ануар Құлышев сөз сөйлеп, білім беру саласындағы жұмыстың негізгі қағидаттарының бірі «Заң мен тәртіп» болуы тиіс екенін атап өтті.
Өз сөзінде прокурор мектептерде оқу процесін қауіпсіз әрі сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді, сондай-ақ білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтарының назарын оқушылар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыруға аударуды ұсынды.
Сонымен қатар, білім беру ортасындағы тәуекелдерді уақтылы анықтау, оның ішінде буллингке жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Конференция ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтары өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсеткен мерекелік концертпен аяқталды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1281179?lang=ru

Жауап қалдыру