Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатында мәслихат төрағасы Н.К.Макраевтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырыста Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Қорабаева депутаттар алдында егжей-тегжейлі баяндама жасап, ағымдағы жылға арналған қала бюджетін және 2026–2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспарын өзгерту жобаларын таныстырды.

Бюджетті нақтылау барысында салық салынатын базаға және жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер көлеміне түзетулер енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары оңтайландырылып, үнемделген қаражат басым бағыттарды ескере отырып, басқа да іс-шараларды іске асыруға қайта бағытталды.

Қаланың 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістер аясында іске асыру мерзімі 2029 жылға дейін көзделген бірқатар жаңа іс-шараны енгізу жоспарлануда. Олардың қатарында деректерді өңдеу орталықтары алқабын дамыту, әуежай кешенін дамыту және тұрғын үй құрылысы бағытындағы жобалар бар.

Отырыста сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы орынбасары Б.Амановтың Екібастұз қаласындағы абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу туралы баяндамасы тыңдалды. Ұсынылған есептер мен жүргізілген табиғи өлшеулердің нәтижелері бойынша қолданыстағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын арттыру бағытында түзету қажеттілігі анықталды.

Мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері қала бюджетін нақтылау және Екібастұз қаласының даму жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдап, оларды мәслихат сессиясында бекітуге ұсынды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1280718?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді