
Саяжай маусымы аяқталуға жақын. Петропавл қаласының полицейлері Хромзауыт және Заречный кенті аумағындағы 31 бау-бақша қоғамында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Бұл аумақта 3 мыңнан астам саяжай учаскесі орналасқан.
Рейдтердің мақсаты – бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау. Полицейлер қоғам төрағаларымен кездесіп, байланыс деректерімен алмасты, күзет пен бейнебақылау камераларының бар-жоғын анықтады. Саяжай иелерімен сөйлесіп, қауіпсіздікке қатысты мәселелер мен ықтимал қауіптерді зерделеді, ұрлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кеңестер берді.
Жұмысқа полицияның атты жасағы тартылып, дрондар мен квадроциклдер пайдаланылды. Мұндай тәсіл ауқымды, оның ішінде жетуі қиын аумақтарды бақылауға, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын және қараусыз қалған учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Рейд барысында 31 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 8 адам қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін, 9 адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Саяжай қоғамдарының бірінің төрағасына рұқсат етілмеген қоқыс орнына байланысты ескерту жасалып, оны жоюға уақыт берілді.
Жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілуде. Полицейлердің міндеті – жасалған құқық бұзушылықтарға ден қоюмен қатар, азаматтардың қауіпсіздігі мен мүлкінің сақталуына қауіп төндіруі мүмкін факторларды алдын ала анықтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1281477?lang=ru

Жауап қалдыру