
Салалық форум аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнай бергіштігін арттыру әдістерін (МБА) қолдану мәселелері бойынша бейінді хакатон өткізді.
Іс-шараға мұнай өндіруші кәсіпорындардың, салалық ғылыми-зерттеу институттарының және жетекші сервистік компаниялардың өкілдері қатысты.
Хакатон барысында сарапшылар геологиялық-техникалық сипаттамалары ұқсас кен орындарының топтарын қарастырып, өндірістегі өзекті сын-қатерлерді талқылады. Қолданыстағы проблемалардың түпкі себептерін анықтауға және кен орындарын игеру тиімділігін арттыруға бағытталған технологиялық шешімдерді іріктеуге ерекше назар аударылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар мұнай бергіштігін арттырудың перспективалы технологиялары жөнінде олардың тиімділігіне алдын ала бағалау жүргізе отырып, ұсыныстар әзірледі.
Хакатон нәтижесінде қарастырылған әрбір кен орны бойынша перспективалы технологиялардың қысқаша тізімі жасалып, кейіннен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Хакатонның өткізілуі мұнай-газ саласына заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мақсатында мемлекет, жер қойнауын пайдаланушылар, ғылыми қоғамдастық және мұнай сервистік секторы өкілдерінің практикалық өзара іс-қимыл алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1281018?lang=ru

Жауап қалдыру