Ет өңдеу комбинаты өкілдерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ет өңдеу комбинаты өкілдерімен кездесу
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Рүстембекұлының басшылығымен, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейрамбек Асылбекұлының қатысуымен ауданымыздың шаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлері Семей қаласында жаңадан салынған ет өңдеу комбинатының өкілдерімен кездесті.
Кәсіпорын мал бордақылау және толық циклді ет өңдеумен айналысады. Өндірістік қуаты тәулігіне 100 бас ірі қара және 1000 бас қой қабылдауға мүмкіндік береді. Комбинатта консерві, шұжық және басқа да ет өнімдерін өндіру, сондай-ақ болашақта өнімдерді экспортқа шығару жоспарланған.
Кездесу барысында мал қабылдау тәртібі, өнімге қойылатын талаптар, баға және өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бұл – аудан шаруалары үшін ет өнімдерін тұрақты өткізу нарығын кеңейтіп, өңдеуші кәсіпорындармен тиімді серіктестік орнатуға жақсы мүмкіндік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1280886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді