ІІМ ТАС ЖОЛДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ІІМ ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді.

– Құрметті жүргізушілер! Қазір тасжолдардағы жылдамдыққа қатысты айыппұлдар бойынша біраз сұрақтар туындағанын көріп отырмыз. Сондықтан не болғанын қысқаша түсіндіргіміз келеді.

13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау орын алды. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір-сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жүргізушілерге айтарымыз: ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқамалар анықталды және олар автоматты түрде жойылады.

Тағы да атап өтеміз: мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр.

Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр.

Жағдай бақылауда, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280750?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді