ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ LVI СЕССИЯСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          2026 жылдың 27 тамыз күні мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті LVI сессиясы өтті.

          Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин,  аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен бөлім басшылары, баспасөз өкілі қатысты.

          Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланды.

          Сессияның күн тәртібінде: Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы бөлім басшысы А.Үмітқалиеваның,  Аудандық құрылыс бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы бөлім басшысы Д.Ілиясовтың баяндамалары тыңдалды.         

         Сондай-ақ «Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г.Қабиеваның, «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы» Индер аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 маусымдағы №226-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссиясының құрамы туралы»  Индер аудандық мәслихатының 2021 жылғы 07 желтоқсандағы №71-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы  аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сансызбаевтың,  «Индер аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 5 қарашадағы №176-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің хабарламалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1281221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді