Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары қорғалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы А. Масалин қаладағы тамақтану орындары, ойын-сауық мекемелерінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар неше жастан жұмыс істей алады?

🔹 16 жастан – еңбек шарты жасалады.

🔹 14 жастан – оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесіне кедергі келтірмейтін жұмыстарды атқаруға болады.

🔹 14 жасқа дейін – тек кинематография, театр, концерт ұйымдары мен цирктерде шығармашылық қызметке заңды өкілінің жазбаша келісімімен қатысуға болады.

Есте сақтаңыз:

✔️ Баланың денсаулығына, оқуына және имандылық тұрғысынан дамуына зиян келмеуі тиіс.

✔️ 18 жасқа толмағандарды түнгі, үстеме, ауыр және зиянды жұмыстарға, сондай-ақ ойын бизнесі мен алкоголь, темекі және есірткі өнімдерінің өндірісі мен айналымына байланысты жұмыстарға тартуға болмайды.

✔️ Жұмыс беруші кәмелетке толмаған жұмыскерді міндетті түрде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға тиіс.

 

Жұмыс уақыты:

• 14–16 жас – аптасына 24 сағаттан аспайды.

• 16–18 жас – аптасына 36 сағаттан аспайды.

 

Жауапкершілік: Кәмелетке толмағанды еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдау ӘҚБтК-нің 86-бабының 3-тармағына сәйкес 50-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1281093?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді