
Жетісу облысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — интернет-алаяқтық және азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті.
Жыл басынан бері облыста 289 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Киберполиция мен әкімшілік полиция бөлімшелерінің жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесінде бұл қылмыс түрінің саны 14,5%-ға төмендеді.
Брифинг барысында дропперлікке ерекше назар аударылды. Банк картасын, шотты немесе жеке деректерді үшінші тұлғаларға күмәнді операциялар жасау үшін беру — «оңай ақша табу» емес, қылмыстық схемаға қатысу. Мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ мамандар балалар мен жасөспірімдердің интернет кеңістігінде тап болуы мүмкін қауіптерге тоқталды. Атап айтқанда, буллинг, кибербуллинг, сталкинг және сваттингтің алдын алу мәселелері сөз болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция ата-аналарды балалармен цифрлық қауіпсіздік және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы жиі сөйлесуге шақырады.
Жетісу полициясы ескертеді: банк және мемлекеттік орган қызметкерлері SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін сұрамайды. Сондай-ақ олар азаматтардан ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейді.
Оңай ақша табу туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз және ақпараттың анықтығын тексеріңіз.
Киберқауіпсіздікке немқұрайлы қарамаңыз. Бір ғана қателік үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1281388?lang=ru

Жауап қалдыру