Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.О. Қалдарбеков комиссия ұжымы атынан комиссия мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлын 50 жас мерейтойымен құттықтады.
Нұрғали Рахымшаұлы қаржы саласында ширек ғасырдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етіп келеді. Оның 29 жыл еңбек жолы есепші, департамент бастығының орынбасары, аппарат басшысы, қала әкімінің кеңесшісі, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы сынды жауапты қызметтермен сабақтасып жатыр. Осы уақыт аралығында ол өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді кәсіби біліктілікпен, адалдықпен және жоғары жауапкершілікпен атқарып, әріптестері арасында зор бедел мен құрметке ие болды. Сонымен қатар, ол «Қаржы қызметінің үздігі» медалінің және «Құрмет» орденінің иегері.
Мерейтойлық құттықтау барысында Мұса Оспанұлы мерейтой иесіне Облыс әкімінің және Облыстық мәслихат төрағасының құттықтауын табыстап, оған зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке, мол табыс пен қызметінде биік белестерге жетуін тіледі.
Жауап қалдыру