
Ағымдағы жылдың 15–20 тамызы аралығында Алматы облысында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыз және панасыз қалудың, балалардың жарақаттануы мен қаза болуына жол бермеу, сондай-ақ олардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында ювеналдық полиция, жол-техникалық инспекция, жедел қызметтер мен патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізіп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударады.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғам белсенділері мен блогерлердің қатысуымен балалар мен ата-аналар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
«Заң мен Тәртіп» – қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің негізі. Осыған байланысты ата-аналарды балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, кешкі және түнгі уақытта олардың қайда жүргенін бақылауға шақырамыз.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!20:16
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280743?lang=ru

Жауап қалдыру