«Парасатты отбасы – 2026»: отбасы құндылықтары дәріптелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» ақпараттық акциясы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы – 2026» QUIZ зияткерлік ойыны өтті.

Іс-шараға түрлі сала мамандарының отбасылары мен көпбалалы отбасылар қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Қатысушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өзара командалық үйлесімділік пен шапшаңдықтарын көрсетті.

QUIZ ойынының қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған отбасы III орынға ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өнегелі отбасыларды кеңінен насихаттау.

Берекелі отбасы — берік қоғамның негізі!

https://www.instagram.com/reel/DcihvzKKyCR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1281214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді