
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 27 тамыздағы отырысында «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бөлінген бюджет қаражатын пайдалануына мемлекеттік аудит қорытындылары мемлекеттік аудит объект басшысы мен мәслихат депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Н.А. Түйебаев сөз сөйледі. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы – 120 593,5 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 3020,6 мың теңгені құрайды, олар аудит барысында бюджетке өтелді;
Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы 2 бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал ететін себептер мен (жағдайларды) жою туралы нұсқама жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-rkpvlgovkz/press/news/details/1281123?lang=ru

Жауап қалдыру