«Қайтарылған қаражат – халық игілігіне»: Қайыңды ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мұғалжар ауданындағы Қайыңды ауылында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шетелден қайтарылған қаражат есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулатория тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.

Заманауи медициналық нысан Қайыңды ауылдық округінің 1390 тұрғынына медициналық көмек көрсетуге арналған. Амбулатория бір мезетте 45 адамды қабылдай алады. Ғимарат қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жаңа жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. Бұл медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдайда жұмыс істеуге, ал ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 316 миллион теңгеден асады. Құрылыс жұмыстарын «Регион-Сервис-Ақтөбе» ЖШС жүргізді.

Жаңа амбулаторияның ауылда бой көтеруі – елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысанның бірі. Бұған дейін медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылымның жаңаруы ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталған қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ауылымызда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджетке қайтарылып жатқан қаражат есебінен жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда амбулатория жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп отыр. Осы нысанның бой көтеріп, ел игілігіне берілуіне атсалысқан Мемлекет басшысынан бастап барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Осында қызмет етіп жүрген дәрігерлер мен медбикелерге де ризашылығымызды айтамыз. Бұл – ауылымыз үшін өте маңызды әрі қуанышты жаңалық. Осындай заманауи ғимараттың ауылымызда қызмет көрсетіп тұрғанына қуаныштымыз», – дейді ауыл тұрғыны Гүлнара Смагулова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1280973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді