
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Қала күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларға байланысты бүгін қаладағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
«OSKEMEN NIGHT RUN 2026» түнгі жүгіру жарысын өткізуге байланысты:
📍 Сәтпаев даңғылы:
КШТ ауданынан Ертіс көпірі бағытына қарай, ASTOR-дан «MAXI MALL» сауда үйіне дейінгі жол учаскесінде даңғылдың тақ жағымен көлік қозғалысы 19:30-дан 21:00-ге дейін шектеледі.
Сондай-ақ «Шашлык FEST» фестивалін өткізуге байланысты:
📍 Жаңа Үлбі жағалауы:
Красин көшесінен Шәкәрім даңғылына дейінгі жол учаскесінде көлік қозғалысы 12:00-ден 22:00-ге дейін уақытша жабылады.
Жүргізушілерден аталған уақыт аралығында бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1281024?lang=ru

Жауап қалдыру