Қазақстан мен Финляндия Каспий өңірінде қоршаған ортаны қорғаудың заманауи технологияларын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хельсинки, 2026 жылғы 27 тамыз – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы Қазақстан Республикасының делегациясы Финляндияға жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында қазақстандық делегация Порвоо қаласындағы орналасқан  «Lamor Corporation» фин компаниясының өндірістік алаңына барды. Компания экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы технологиялар мен жабдықтарды әзірлеуге маманданған.

Делегация компанияның өндірістік мүмкіндіктерімен, мұнай ластануының алдын алу, оқшаулау және жою үшін қолданылатын заманауи технологиялық шешімдермен және мамандандырылған жабдықтармен танысты.

«Lamor Corporation» басшылығымен кездесу барысында экологиялық төтенше жағдайларға тиімді ден қоюды ұйымдастыру мәселелері және Каспий теңізінде заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Талқылаудың жекелеген бағыты Қазақстанда мұнай төгілуінің алдын алу және жою саласында мамандарды даярлау және оқыту болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұнай төгілуінің алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге ниет білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1281458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді