Қазақстанның Тұрақты өкілі ИЫҰ СІМК 23-ші Төтенше сессиясы алдындағы дайындық отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жидда, 2026 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Меңілбеков ИЫҰ Бас хатшылығының штаб-пәтерінде өткен Аға лауазымды тұлғалардың отырысына қатысты. Іс-шара ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 23-ші Төтенше сессиясына дайындық шеңберінде ұйымдастырылды.

Талқылаудың басты тақырыбы күн тәртібінің тұрақты тармағы – Палестина мен Әл-Құдс Әш-Шарифтегі жағдай бойынша қарарлар жобаларын қарастыру болды. Жұмыс барысында дипломаттар халықаралық қолдау, жағдайды тұрақтандыру және халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ шешімдері негізінде палестиналық халықтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы министрлік сессиясының есеп жобасы мен жұмыс бағдарламасын келісті. ИЫҰ СІМК отырысының күн тәртібіне Палестина бойынша негізгі мәселеден бөлек ИЫҰ Бас хатшысын сайлау туралы тармақ та енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1280722?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді