САРАПШЫЛАР ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы С. Абилхайров «Сайлау–2026: саяси науқанның сипаты» тақырыбында өткен сарапшылар отырысына қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстандағы сайлау науқанының ерекшеліктері, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы, электоралдық белсенділік пен саяси коммуникацияның заманауи формалары талқыланды.
Сонымен қатар, еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістер, азаматтық қоғамның белсенділігі және Ұлттық құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтудағы рөлі сөз болды. Құрылтай алаңында көтерілетін өзекті мәселелер, қоғамдық пікірді ескеру және ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды талқылаудың маңызы атап өтілді.
Сарапшылар қазіргі сайлау науқаны аясындағы қоғамдық-саяси өзгерістер мен азаматтардың ел болашағына қатысты белсенді ұстанымының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1281091?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді