САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЛБЕТІН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көркейту жұмыстарының барысын бақылады.
 
Жоба аясында автомобиль жолының екі бағытына заманауи жарықтандыру жүйесін орнату, жол бойындағы аумақтарды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру және қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Аталған құрылыс-монтаж жұмыстарын «BY Construction» ЖШС жүзеге асыруда.
 
Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, белгіленген құрылыс және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды тапсырды. Сондай-ақ жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, абаттандыру талаптарына сай сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.
 
Айта кетсек, жұмыстардың негізгі мақсаты – қалаға кіреберіс жолдардың эстетикалық тартымдылығын арттырып, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Сонымен қатар жол бойындағы аумақтарды біріздендіріп, Сарыағаш қаласының заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыруға басымдық берілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1281058?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді