
Шымкент қаласы Полиция департаменті жанындағы Есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Жиынға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері, сондай-ақ есірткі құқық бұзушылығының алдын алу жөніндегі Кеңестің мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Отырыста есірткі қылмысымен қарсы күрестің қазіргі жағдайы, оның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, профилактикалық жұмыстар нәтижесі және қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу саласындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, профилактикалық жұмысты тек құқық қорғау шараларымен шектемей, оның әлеуметтік және ақпараттық бағыттарын қатар дамыту қажеттігін атап өтті.
Кеңес мүшелері есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алуда өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық бағыттағы бастамаларға тарту, сондай-ақ ата-аналармен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
Кеңес барысында халықпен кері байланысты күшейту және қоғам өкілдерін есірткіге қарсы бастамаларға кеңінен тарту жөнінде ұсыныстар ортаға салынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1281274?lang=ru

Жауап қалдыру