Тәжікстанда Қазақстан медицинасының күндері өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25-27 тамызда Душанбе қаласында Қазақстан медицинасының күндері өтті.
Іс-шараға Қазақстанның жетекші медициналық және ғылыми ұйымдарының 50-ге жуық маманы қатысты.

Бірнеше күн бойы қазақстандық дәрігерлер тәжік әріптестерімен бірлесіп Душанбе қаласының медициналық мекемелерінде жұмыс істеп, операциялар жасады, консультациялар, клиникалық талқылаулар, шеберлік сыныптары мен оқыту сабақтарын өткізді.

27 тамызда Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Тәжікстан – Қазақстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов қатысты.

Өз сөзінде ол денсаулық сақтау саласындағы екі ел ынтымақтастығының практикалық маңызын атап өтіп, медициналық мекемелер арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту, мамандар алмасу және кадрлар даярлау ісін одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстанның медициналық және білім беру мекемелері арасында ынтымақтастық туралы алты меморандумға қол қойылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1281332?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді