ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ: АКУШЕРЛІК СЕПСИСТІ ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде қазақстандық және тәжікстандық мамандардың арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу жалғасуда.

Душанбе қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми-зерттеу институтында «АГжПҒО» АҚ анестезиология және реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Евгений Воронин әріптестеріне «Акушерлік сепсис кезіндегі экстракорпоралдық және инфузиялық детоксикацияның заманауи әдістері» тақырыбында оқу өткізді.

 Оқу симуляция элементтері енгізілген клиникалық кейстер негізінде жүргізілді. Сонымен қатар реанимация бөлімшесінде пациенттерді бірлесіп тексеру және консультациялау ұйымдастырылып, заманауи тәсілдерді тікелей клиникалық тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Кездесу барысында мамандар күрделі жағдайларды қадағалап-қарау тактикасын, қарқынды терапияның заманауи әдістерін, сондай-ақ акушерлік сепсис кезінде экстракорпоралдық және инфузиялық детоксикацияны қолданудың практикалық аспектілерін қарастырды. Мұндай кәсіби тәжірибе алмасу форматтары мамандарға біліммен бөлісіп қана қоймай, клиникалық тәжірибені салыстыруға, күрделі жағдайларды талқылауға және тиімді тәсілдерді күнделікті медициналық практикаға енгізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1281005?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді