
Техникалық оңалту құралын алдыңыз, бірақ ол істен шыққан, сапасы нашар, сізге сәйкес келмейді немесе тапсырыс берген затыңыздың орнына басқа құрал келді ме?
Мұндай жағдай кейде кездеседі. Ең бастысы — уайымдамаңыз және құралды өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз!
1-қадам. Мәселені бірден тіркеңіз.
Ақауды фотоға түсіріп, бейнежазба жасаңыз. Құралды алғаныңызды растайтын құжаттарды және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берген тапсырысыңыз туралы ақпаратты сақтаңыз.
2-қадам. Өнім берушіге жүгініңіз.
Мәселенің нақты неде екенін көрсетіп, бұзушылықты жоюды талап етіңіз: жағдайға қарай техникалық оңалту құралын ауыстыруды немесе жөндеуді сұраңыз.
3-қадам. Мәселе шешілмесе — Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шағым беріңіз.
Шағымды уақтылы беру өте маңызды!
Бейнероликтен толығырақ көріңіз:
https://www.instagram.com/reel/DciqnX3oYpW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1281275?lang=ru

Жауап қалдыру