Туған күндегі тосынсыйдың соңы 5 тәулік қамауға алумен аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың жолын кесу бойынша полиция қызметкерлерінің жұмысы жалғасуда.

Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінің маңындағы автотұрақта полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымды іске қосқан ер адамды анықтады. Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың туған күнімен әпкесін құттықтау мақсатында отшашу ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда бұл әрекет түнгі уақытта азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген.

Аталған факті бойынша ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Астана қаласының Полиция департаменті мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Тұрғындарды азаматтардың тыныштығын құрметтеуге және пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып пайдалануға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1281233?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді