2026 жылғы 04 қыркүйекте сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында үзілістен кейін Жітіқара аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.
Күн тәртібі:
– Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
– Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
– Жітіқара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 403 «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1281051?lang=ru

Жауап қалдыру